Грек-рим күресінен қазақстандық үш балуан жүлдеге таласады

Грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екі отандасымыз жартылай финалға шықты. Нәтижесінде Айдос Сұлтанғали (60 кг) мен Мерей Мәулетқанов (72 кг) 1/2 финалға жолдама алды.
Ал Демеу Жадыраев (77 кг) қола жүлде үшін күреседі. Ол бүгін жұбаныш белдесуде жеңіске жеткен болатын.
60 келі
Айдос Сұлтанғали – Амиран Шавадзе (Грузия)
72 келі
Мерей Мәулетқанов – Ибраһим Ганем (Франция, 2023 жылғы әлем чемпионы)
77 келі. Қола жүлде үшін күрес
Демеу Жадыраев – Роберт Фрич (Венгрия).
Белдесулер 21:00-ден кейін басталады. Тікелей трансляция осы сілтеме бойынша қолжетімді болады.
Екі қазақстандық палуан әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Демеу Жадыраев әлем чемпионатының қоласы үшін күреседі
Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды