Екі қазақстандық палуан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Екі қазақстандық палуан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Хорватия астанасы Загребте грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мерей Мәулетқанов әлемдік додадағы екінші белдесуінде кішігірім сенсация жасады. Отандасымыз (-72 кг) 2022 жылғы әлем чемпионы Әли Арсаланның (Сербия) осал тұсын тапты. Есеп: 5-3. Ол алғашқы айналымда Липаста Матиас Олавиді (Финляндия) сенімді жеңген еді.

Ұлттық құрама спортшысы Айдос Сұлтанғали Израиль өкілін мерзімінен бұрын жеңіп, Хорватия астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Айдос алғашқы белдесуінде Максвелл Хоппер Блэктен (АҚШ) басым түскен болатын.

Демеу Жадыраев әлем чемпионатының қоласы үшін күреседі

Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы турнирді жүлдесіз аяқтады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или