Flashscore.com сайты Шерхан Қалмырзаның матчына баға берді

Flashscore.com сайты Чемпиондар лигасының бірінші турында «Спортингтен» 4:1 есебімен жеңілген «Қайрат» командасының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаның ойынына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
14-минутта Қалмырза пенальтиді қайтарды, бірақ соңында командасын жеңілістен құтқара алмады. Шерхан өз ойыны үшін Flashscore-тен 6,5 ұпай алды – бұл матчқа қатысқан «Қайрат» ойыншыларының арасында үшінші орында. Айта кетейік, бұл жас қазақстандықтың Чемпиондар лигасындағы дебюті болды.
«Қайрат» келесі матчта өз алаңында «Реал Мадрид» командасын қабылдайды.
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Спортингке» жол берді
Transfermarkt Зайнутдинов, Әліп және Самородовтың бағасын жаңартты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или