АПЛ клубы Португалия құрамасының футболшысын қатарына қоспақ

«Манчестер Юнайтед» 28 жастағы Португалия құрамасы мен «Әл-Хиләл» жартылай қорғаушысы Рубен Невешке қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қызыл сойқандардың» бас бапкері Рубен Аморим футболшының қабілетін жоғары бағалайды.
Caught Offside мәліметінше, саудиялық клуб алдағы қыста Невешті еуропалық командаға 20 миллион еуроға сатуы мүмкін.
Осы маусымда Невеш барлық турнирде сегіз матчқа қатысып, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық құны 25 миллион еуроны құрайды.
Португалия құрамасы сапында жартылай қорғаушы 60 матч өткізген.
Transfermarkt Зайнутдинов, Әліп және Самородовтың бағасын жаңартты
ФИФА рейтингі: Қазақстан төрт сатыға төмендеді
Рафаэль Уразбахтин: «Спортингке қарсы ойын – біздің дайындығымыздың көрсеткіші»