Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Италиядан жеңіліп қалды
Футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама үшін Италияға қарсы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Palasport Fasano» аренасында өткен матчта Қазақстан құрамасы жақсы ойын көрсетіп, көбірек шабуылдағанымен, бірінші болып алаң иелері есеп ашты - 15-минутта Джованни Пульвиренти көзге түсті. Екінші кезеңнің 29-минутында Юлио Де Оливейра есепті еселеді. Ал 32-минутта Қазақстан құрамасы сапындағы Шыңғыс Есенаманов бір гол соқты - 2:1.
Айта кетейік, екінші матч 23 қыркүйекте Астанада өтеді.
Футзалдан әлем чемпионатының өтпелі матчы
Италия - Қазақстан 2:1
Голдар: Пульвиренти 15, Де Оливейра 29, Есенаманов 32.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Италиямен ойынға қатыспайды
Еуропа чемпионатына жолдама тағдыры: Қазақстан құрам жариялады
Қазақстан құрамасының намысын қорғаған футболшының ұлы Ресей құрамасында дебют жасады