Елодалық «Барыс» ҚХЛ матчында ірі есеппен жеңілді

Бейсенбі күні Құрлықтық хоккей лигасында кезекті матчтар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Магнитогорскіде жергілікті «Металлург» астаналық «Барысты» қабылдады.
Алдымен Роман Канцеров «Барыс» қақпасына шайба соқты. Екінші кезеңнің басында Қазақстан құрамасының шабуылшысы, ресейлік клуб намысын қорғайтын Никита Михайлис есепті 2:0-ге жеткізді. Одан кейін айдын иелері тағы екі рет (Люк Джонсон және бұрынғы астаналық Алексей Маклюков) көзге түсіп, есепті 4:0 қылды.
Үшінші кезеңде «Барыс» сапындағы Джейк Масси командадағы алғашқы шайбасын соқты. Алайда ойын нүктесін Дерек Барак қойды – 5:1 (1:0, 3:0, 1:1).
Осылайша, «Металлург» Шығыс конференциясында көшбасшылық орнын нығайтты (10 ұпай), ал «Барыс» (6 ұпай) сегізінші орында тұр.
«Барысқа» АҚШ-тан жаңа қақпашы келді
«Барыс» қонақта өтетін үш ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады
Қазақстандық қақпашы ЖХЛ маусымында сегізінші жеңісіне қол жеткізді