Билли Джин Кинг: Рыбакина мәлімдеме жасады

Билли Джин Кинг: Рыбакина мәлімдеме жасады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан құрамасының АҚШ командасынан жеңілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұптық сындағы шешуші кездесуде Рыбакина мен Путинцева америкалық Джессика Пегула / Тейлор Таунсенд дуэтіне 2:6, 6:7 (1:7) есебімен есе жіберді.

«Менің ойымша, олардың тәжірибесі сәл көбірек, бұны нақты айтар едім. Біз өте жақсы ойнадық, матч айтарлықтай тартысты өтті. Өзімде бірнеше ұсақ сәттер болды. Бірақ тағы да айтамын, бұл мықты команда. Біз бүгін жаман ойнаған жоқпыз деп ойлаймын. Келесі жолы барлығы біздің пайдамызға шешіледі деп үміттенемін», – деп келтіреді Рыбакинаның сөзін Billiejeankingcup.com .

Айта кетейік, АҚШ құрамасы жалпы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды. 

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогында ширек финалда тоқтады

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогында АҚШ-тан жеңіліп қалды

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан – АҚШ матчында кімдер ойнайтыны белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или