Қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нора Джеруто Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы 3000 метр қашықтыққа тосқауылдар арқылы жүгіруден шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

Финалдық сайыста Джеруто алдыңғы топта келе жатты. Соңғы айналымда қола жүлде үшін таласты.

Алайда соңғы тосқауылдардың бірінде сүрініп, құлап қалды. Нәтижесінде алтыншы болып мәре сызығын кесті - 9:06.34.

Кениялық Фейт Черотич жеңіске жетті - 8:51.59. Бахрейн атынан сынға түскен Винфред Яви екінші орынға табан тіреді - 8:56.46. Үздік үштікті эфиопиялық Сембо Алмаю түйіндеді - 8:58.86.

Қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Қазақстандық 79 спортшы Сурдлимпиадада бақ сынайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или