Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Демеу Жадраев жартылай финалға өте алмады

Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Демеу Жадраев жартылай финалға өте алмады


Грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Демеу Жадраев ширек финалда жеңіліп қалды.

77 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы жартылай финалға шыға алмады.

1/4 финалда ол жапониялық Нао Кусакаға 2:4 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында да Жадраев дәл осы Кусакадан жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или