Қазақ құрамасы жаңартылған рейтингте 118-орынға түсті

Қазақ құрамасы жаңартылған рейтингте 118-орынға түсті

Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты-2026 іріктеуіндегі қыркүйек айындағы ойындардан кейін FIFA рейтингінде өз орнына түзету алды, деп хабарлайды Prosports.kz «Спорт Шредингерге» сілтеме жасап.

Құрама бірден төрт саты төмендеп, 118-орынға түсті. Қазақстанның көршілері – Нигер мен Индонезия құрамалары.

Рейтингтің жоғарғы бөлігінде де өзгерістер бар: Испания бірінші орынға көтерілсе, Франция екінші, ал қазіргі әлем чемпионы Аргентина үшінші орынға түсті.

Еске салсақ, қыркүйекте Магомед Адиевтің шәкірттері екі кездесу өткізген еді. Алдымен өз алаңында Уэльске (0:1) жол берсе, кейін сырт алаңда Бельгиядан (0:6) ойсырай ұтылды. Қазір Қазақстанның еншісінде үш ұпай бар, команда өз тобында соңғыдан бір саты жоғары тұр. Келесі ойын 10 қазанда Астанада Лихтенштейнге қарсы өтеді.

«Жеңістің» экс-ойыншысы Оливейра: «Спортингке» «Қайратқа» қарсы оңай болмайды»

«Астана» шабуылшысы клуб сапындағы мерейтойлы матчын өткізді

«Спортинг» пен «Қайрат» матчының төрешілері белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или