Қазақстандық маман «Қайраттың» алғашқы қарсыласы жайлы пікір білдірді

Қазақстандық маман «Қайраттың» алғашқы қарсыласы жайлы пікір білдірді

Қазақстандық футбол маманы Константин Горовенко Чемпиондар лигасындағы «Қайраттың» алғашқы қарсыласы туралы пікірін Prosports.kz сайтына айтты.

«Лиссабондық «Спортинг» – бай тарихы бар клуб, соңғы екі жыл қатарынан Португалия чемпионы атанды. Өткен маусымдағы Чемпиондар лигасы бірден ойға түседі: онда «Спортинг» «Манчестер Ситиді» агрессивті ойынымен ұтып, матчты толықтай өз бақылауында ұстаған еді.

Әрине, бірден бұрынғы бапкер Рубен Аморим мен өткен жылғы супербомбардир, швед шабуылшысы Дьёкереш еске түседі. Бұл команданың ойын жүйесі жиі талқыланды – 1-3-4-3. Бірақ Рубен Аморим «Манчестер Юнайтедке» кеткен соң, жаңа бапкер келіп, түрлі тактиканы үйлестіре бастады. Қазір негізгі сұлбасы – 1-4-2-3-1, дегенмен кей матчтарда өткен жылғы тәсілдер қолданылады.

«Спортинг» өте комбинациялық, шабуылға бейім футбол ойнайды. Сондықтан «Қайратқа» қарсы белсенді ойнау керек, тек қарсыластың әрекетіне жауап беріп отыруға болмайды. Егер тек қорғанып, тек қарымта шабуылға сенсе, онда өте қиын болады.

Ойыншыларының таңдауы да кең: тәжірибелі португалдар да, дамып келе жатқан жастар да бар. Португалия құрамасы ең жоғары деңгейде ойнайтынын және ел чемпионатының рейтингі жоғары екенін ескерсек, «Спортингті» аса мықты еуропалық клуб ретінде бағалауға болады», – деп түйіндеді маман.

«Жеңістің» экс-ойыншысы Оливейра: «Спортингке» «Қайратқа» қарсы оңай болмайды»

«Астана» шабуылшысы клуб сапындағы мерейтойлы матчын өткізді

«Спортинг» пен «Қайрат» матчының төрешілері белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или