АҚШ-қа есе жіберген қазақстандық теннисшілер турнирден шығып қалды

АҚШ-қа есе жіберген қазақстандық теннисшілер турнирден шығып қалды

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогындағы жолын ширек финалда аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елена Рыбакина кездесудің басты қаһарманы атанды. Ол жекелей сында әлемнің төртінші ракеткасы Джессика Пегуланы сенімді түрде ұтып (6:4, 6:1), Юлия Путинцеваның Эмма Наварродан (5:7, 6:2, 6:7) жеңілгенінен кейін есепті теңестірді.

Жартылай финал жолдамасы шешілген жұптық матчта Рыбакина мен Путинцева Пегула – Таунсенд дуэтіне қарсы тұра алмай, 2:6, 6:7 есебімен есе жіберді. Осылайша АҚШ құрамасы жартылай финалға өтіп, Жапония – Ұлыбритания жұбының жеңімпазымен кездесетін болды.

Қазақстандық теннисші маңызды матч қарсаңында пікір білдірді

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан құрамасы АҚШ теннисшілерімен кездеседі

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнидің финалына өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или