Эдсон: «Лео Жарагуа екінші матчқа қосылады»

«Қайраттың» ойыншысы Эдсон Гомес Қазақстан құрамасына қайта оралып, алдағы плей-офф ойындары алдында сұхбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.
«Иә, Лео командаға екінші ойынға қосылады. Бұл қашан болады? Менің ойымша, 20 қыркүйекте», – деді Эдсон.
33 жастағы футболшы Қазақстан сапында алғаш рет 2022 жылғы Еуропа чемпионатында ойнаған еді (3 матч, 4 ассист). Бірақ кейін ФИФА ережесі бұзылғаны анықталды: натурализацияланған ойыншы елде кемі бес жыл қатарынан өнер көрсетуі керек. Эдсон 2019/20 маусымында Словенияның «Литиясына» жалға кеткендіктен, мерзім үзілген. Енді ғана ол «Қайратта» бес жыл үздіксіз ойнау талабын орындап отыр.
38 жастағы Лео Жарагуа (паспорттағы аты – Леонардо Мендонса да Роза) алғашқы матчта дисквалификацияға байланысты алаңға шықпайды. Ол 2025 жылдан бері Бразилияның «Фоз Катаратас» клубында ойнайды, ал Қазақстан құрамасының намысын 2015 жылдан бастап қорғап келеді.
ҚР құрамасы Италиямен алғашқы ойынды 18 қыркүйекте Фазано қаласында өткізеді. Жауапты матч 23 қыркүйекте Астанада өтеді.
Түкіріп жіберген. «Барселона» экс-жұлдыздары АҚШ-та жазаланды