АҚШ қақпашысы Адам Шил «Барысқа» қосылды
«Барыс» клубының құрамы жаңа қақпашымен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz телеграм-арна Головой об Лёд-ке сілтеме жасап.
Плей-оффтағы алғашқы іссапар кезінде командаға 26 жастағы америкалық голкипер Адам Шил қосылды. Қазір астаналық клуб сырт алаңдағы сериясын Магнитогорск – Череповец – Минск бағытымен өткізіп жатыр.
Құрам:
Қақпашылар: Джохар Дударкиев, Артём Шестаков, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр, Артём Королёв, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Кирилл Никитин, Бейбарыс Оразов, Райли Уолш.
Шабуылшылар: Алихан Асетов, Майкл Веккьоне, Владимир Волков, Эмиль Галимов, Дінмұхаммед Қайыржан, Вячеслав Колесников, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Максим Мухаметов, Иван Николишин, Алихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Ансар Шайхмедденов.
Команданың жарақат алғандар тізімінде Никита Бояркин, Тамирлан Гайтамиров, Роман Старченко және Тайс Томпсон бар.
«Барыс» қонақта өтетін үш ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады
Қазақстандық қақпашы ЖХЛ маусымында сегізінші жеңісіне қол жеткізді