Канадада хоккейші Орка Висблатт қаза тапты

Канадада хоккейші Орка Висблатт 25 жасында жол-көлік апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен айда ол Шығыс жағалауы хоккей лигасының «Аллен Американс» клубымен келісімшартқа қол қойған еді. Бұған дейін Висблатт FPHL біріншілігінде «Афины Рок Лобстерс» сапында ойнаған.
Оның қазасын агенттігі O2K Sports пен бұрынғы командасы растады. «Орка қай жерде жүрсе де, хоккейге деген құштарлығын, мейірімділігін және отбасыға деген сүйіспеншілігін көрсетіп жүретін. Біз оны қатты сағынатын боламыз», – делінген ресми мәлімдемеде.
Жексенбі күні таңертең Британдық Колумбияда болған апат жас спортшының өмірін қиды.
«Барыс» қонақта өтетін үш ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады
Қазақстандық қақпашы ЖХЛ маусымында сегізінші жеңісіне қол жеткізді