«Торпедо» хоккей клубы қонақта «Горняктан» басым түсті

Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігінде кезекті ойын күні өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл күні Рудныйдың «Горняк» клубы өскемендік «Торпедоға» овертаймда 5:6 есебімен есе жіберсе, Петропавлдың «Құлагері» Атыраудың «Бейбарысын» 4:1, Астананың «Номадц» Көкшетаудың «Арланын» 4:2, «Алматы» оверртаймда «Ертісті» 3:2, қарағандылық «Сарыарқа» «Ақтөбені» 9:0 есебімен жеңді.
Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігі 1992 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Торпедо» - 13, «Бейбарыс» - 4, «Ертіс», «Сарыарқа», «Арлан» - 3, «Барыс», «Номад» - 2, «Қазақмыс» (Сәтпаев) пен «Болат» (Теміртау) - 1 мәрте чемпион атанды.
Өткен маусымда «Арлан» жеңіс тұғырына көтерілді.
Қазір турнир кестесінде «Торпедо» мен «Номад» 7 ұпаймен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.
«Барыс» қонақта өтетін үш ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады
Қазақстандық қақпашы ЖХЛ маусымында сегізінші жеңісіне қол жеткізді