Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасы аталған турнирде жүлдесіз қалды. Барлығы дерлік бірінші айналымда жеңілді. Тек Виктория Хусаинова (59 кг) ғана екінші айналымға дейін жетті.
Әйелдер күресінен ел намысын қорғаған спортшылар тізімі:
- Светлана Анкичева (50 кг)
- Зейнеп Баянова (53 кг)
- Зульфия Яхьярова (55 кг)
- Лаура Алмағанбетова (57 кг)
- Виктория Хусаинова (59 кг)
- Тыныс Дүбек (62 кг)
- Бейбіт Сейдуалы (68 кг)
- Жәмилә Бақбергенова (72 кг)
- Эльмира Сыздықова (76 кг).
Ертең грек-рим күресінен бәсекелер басталады.
Әйелдер күресінен әлем чемпионатының екінші күнінде қазақстандық балуандар қалай өнер көрсетті?
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или