FIFA клубтарға өтемақы ретінде 355 млн доллар жұмсайды

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантино клубтарға өтемақы ретінде 355 млн доллар жұмсайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ақшаны ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі мен негізгі турниріне ойыншысын жіберген клубтарға бөліп береді. Осы мақсаттағы жалпы сома ӘЧ-2022 турнирінікінен 70%-ға көп екен.
CBP бағдарламасы клубтар мен ойыншылардың әлем чемпионатының матчтарын дайындауға және өткізуге қосқан үлесін ескереді. 2022 жылы 51 елден 440 клуб төлем алды.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Төлемдерді кеңейту бұрынғы турнирлермен салыстырғанда бенефициар клубтардың санын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
«Реалдың» жұлдызды шабуылшысы «Алтын доп» табыстау рәсіміне қатыспайды
«Жеңістің» экс-ойыншысы Оливейра: «Спортингке» «Қайратқа» қарсы оңай болмайды»
«Спортинг» пен «Қайрат» матчының төрешілері белгілі болды