Қазақстандық клубтардың мемлекеттік бюджеттен қанша ақша алғаны белгілі болды

Қазақстандық клубтардың мемлекеттік бюджеттен қанша ақша алғаны белгілі болды

2025 жылы мемлекеттік бюджеттен қазақстандық клубтарға 31 799 143 000 теңге бөлінген, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы депутаттық сауалында мәлімдеді.

Оның айтуынша 2024 жылы Қазақстандағы 13 футбол клубын қаржыландыруға 27,3 млрд теңге жұмсалған. Ал биыл жыл басынан бері қазынадан 31,8 млрд теңге берілген. Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев футбол клубтарын жедел жекешелендіруді және бұл қаражатты жаттықтырушылар жалақысын ұлғайтуға бағыттауды ұсынды.

«2025 жылы Премьер-Лига футбол клубтарына 24 миллиард теңге, Бірінші Лигадағы футбол клубтарына 7,7 миллиард теңге берілген. Сәйкесінше Қазақстанның қамбасынан 2025 жылы футболға 31 799 143 000 теңге жұмсалды деп ресми айтуға болады. Бұл мәліметтер уәкілетті органнан алынды.

Ал сол спорт саласындағы жаттықтырушылардың жағдайы мүшкіл. 2025 жылы еңбек жолын енді бастаған жаттықтырушы 117 мың теңге жалақы алса, жоғары санатты жаттықтырушы 145 115 теңге айлыққа күн көруге мәжбүр», – деді депутат.

Сонымен қатар, мәжіліс депутаты өзінің ұсыныстарын да айта кетті. Ұсыныстар легі төмендегідей?

  • 1. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі барлық футбол клубын жедел арада жекешелендіру қажет;
  • 2. Қазақстандық футбол клубтары бүгінге дейін қанша қаражат алды, оны қайда жұмсады, бәрін толық тексеру керек;
  • 3. Үкіметтің №1193 бұйрығына өзгеріс енгізіп дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы жаттықтырушылардың жалақысын көтеру қажет.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасының рейтингіндегі орны белгілі болды

«Астана» шабуылшысы клуб сапындағы мерейтойлы матчын өткізді

«Спортинг» пен «Қайрат» матчының төрешілері белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или