Килиан Мбаппе «Алтын доп» табыстау рәсіміне бармайды

Франция ұлттық құрамасы мен «Реалдың» жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе «Алтын доп» табыстау рәсіміне бармайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұл жүлдеге қол жеткізу үшін маған командалық трофейлер алу керек. Содан кейін ғана «Алтын допты» көре жатармыз.
Ал бұл жолы Дембеле үздік атанса, қуанар едім. Өйткені ол менің досым және әрқашан қолдауға дайынмын. Бірақ марапаттау рәсімін үйде тамашалаймын», – деді Мбаппе.
Осыған дейін «Реалдың» бірде-бір өкілі қатыспайтыны хабарланған еді.
2025 жылғы «Алтын доп» иегері 22 қыркүйек күні Парижде анықталады.
«Жеңістің» экс-ойыншысы Оливейра: «Спортингке» «Қайратқа» қарсы оңай болмайды»
«Спортинг» пен «Қайрат» матчының төрешілері белгілі болды
«Қайрат» «Спортингке» қарсы матчын өткізуге Португалияға аттанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или