Өзбек боксшысы абсолют чемпион атағы үшін өткен жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Екінші аса жеңіл салмақтағы (55,3 кг дейін) бұрынғы біріккен әлем чемпионы өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев жапониялық Наоя Иноэден жеңілісі жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске сала кетейік, жекпе-жек 14 қыркүйекте Жапонияның Нагоя қаласында өтіп, Иноэн төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен еді.
«Мен оны және оның жетістіктерін құрметтеймін. Ол мықты боксшы, бірақ мен жақсырақ өнер көрсете алар едім, бірақ уақыт жетпей қалды. Уақытым көбірек болғанын қалар едім», – деп келтіреді Ахмадалиевтің сөзін The Ring басылымы.
Муроджон Ахмадалиевтің жасы 30-да. Өзбекстан өкілі кәсіпқой рингте 2018 жылы дебютін өткізген. Оның еншісінде 14 жеңіс пен екі жеңіліс бар.
Геннадий Головкин рингке қайта оралуы мүмкін екенін меңзеді
Қазақстандық бапкер IBA мен World Boxing әлем чемпионаттарын салыстырды