Жоао Оливейра «Спортинг» - «Қайрат» матчы туралы пікір білдірді

Жоао Оливейра  «Спортинг» - «Қайрат» матчы туралы пікір білдірді

«Жеңістің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Жоао Оливейра «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы «Спортингке» қарсы ойын туралы пікір бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен үшін «Қайраттың» Чемпиондар лигасына шығуы күтпеген жағдай болды, бірақ «Қайрат» пен «Астананың» әрқашан мықты ұжым құрып, Чемпиондар лигасын армандай алатынын білемін. Әрине, фаворит — «Спортинг», бірақ бұл «Қайрат» командасы әлдеқашан осы деңгейде бәсекелесе алатынын дәлелдеді. «Арыстандарға» бұл оңай серуен болмайтыны анық», — деді Оливейра.

Еске салайық, 19 қыркүйекке қараған түні алматылықтар Лиссабонда «Спортингке» қарсы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчын өткізеді.

Өткен маусымда Оливейра «Жеңіс» сапында 13 матч өткізген. Португалияда ол «Пенафиел», «Академика де Визеу», «Визела», «Ольяненсе», «Салгейруш» және «Вильяверденсе» клубтарында ойнаған, ал елден тыс жерде Польшаның «Заглембе» (Сосновец) командасында өнер көрсеткен. Қазір ол «Фафа» сапында ойнайды.

«Астана» шабуылшысы клуб сапындағы мерейтойлы матчын өткізді

«Спортинг» пен «Қайрат» матчының төрешілері белгілі болды

«Қайрат» «Спортингке» қарсы матчын өткізуге Португалияға аттанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или