Қазақстан – АҚШ матчында кімдер ойнайтыны белгілі болды

Қазақстан – АҚШ матчында кімдер ойнайтыны белгілі болды

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан – АҚШ матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Командалық әлем чемпионатының ширек финалында қос құраманың арасындағы кездесу 18 қыркүйекке белгіленген.

Бәсекені әлемдік рейтингіде 61-орындағы Юлия Путинцева мен әлемнің 18-ракеткасы Эмма Наварро бастайды. Қос теннисші осыған дейін өзара кездеспеген.

Бұдан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингіде 7-сатыдағы Джессика Пегулаға кезек келеді. Бұдан бұрын Пегула Рыбакинаны үш рет жеңіп, біреуінде жеңілген. 

Жарыс фавориттерінің бірі АҚШ жұптық сында да мықты. Тейлор Таунсенд әлемдік рейтингіде көш бастаса, оған Маккартни Кесслер көмектеседі. Дегенмен қазақстандықтар Анна Данилина - Жібек Құламбаеваға үміт артады.

Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Рыбакина АҚШ-пен матч алдындағы дайындық жайлы айтты

Қазақстандық теннисші Франциядағы сәтті бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или