Руй Кошта Бруну Лаждың отставкасын жариялады

«Бенфика» президенті Руй Кошта клубтың бас бапкері Бруну Лаждың қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл шешім Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бірінші турдан кейін қабылданды. Лиссабондық клуб өз алаңында әзірбайжандық «Қарабаққа» 2:3 есебімен сенсациялық түрде жол берді. Осы нәтиже басшылық үшін шешуші сәт болды.
Ойыннан кейін Руй Кошта жанкүйерлерге клуб пен Бруну Лаждың ортақ келісімге келгенін және оның енді «Бенфиканың» бас бапкері болмайтынын айтты.
Бруну Лаж команда тізгінін 2024 жылдың қыркүйегінен бастап ұстаған еді.
Роналду 40 жасында «Алтын бутсы» иесі атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или