GGG камбэк жайлы: «Ескі эмоцияларымды сезіндім»

GGG камбэк жайлы: «Ескі эмоцияларымды сезіндім»

Қазақстан ҰОК президенті, әлем боксының аңызы Геннадий Головкин тағы да рингке оралу туралы әңгіме қозғады, деп хабарлайды Prosports.kz BoxingScene басылымына сілтеме жасап.

World Boxing тұжырымы аясындағы тарихи әлем чемпионаты кезінде қазақстандықтар бірқатар жүлдеге қол жеткізген болатын. Сол сәтте журналистерге сұхбат берген Головкин: «Иә, неге болмасқа? Мұнда мен ескі эмоцияларымды қайта сезіндім», – деп жауап берді.

Алайда ол нақты мерзім мен қарсылас туралы айтуға асықпады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіби мансабында 45 жекпе-жек өткізіп, 42 жеңіске жетті (оның 37-сі нокаутпен), екі рет Сауль Альварестен ұтылып, бір кездесуді тең аяқтады. Соңғы рет ол 2022 жылдың қыркүйегінде «Канеломен» жұдырықтасып, ұпай санымен жеңілген еді.

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатындағы жетістіктері үшін қанша сыйақы алады

Головкин Ливерпульде өткен әлем чемпионатын қорытындылады

Әлем чемпионатының толық медаль кестесі жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или