Альба мен Месси жарқыраған матчта «Интер Майами» сенімді жеңіске жетті

Альба мен Месси жарқыраған матчта «Интер Майами» сенімді жеңіске жетті

17 қыркүйек күні МЛС-тің 31-туры аясында «Интер Майами» өз алаңында «Сиэтл Саундерсті» 3:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойынның 12-минутында Жорди Альба Лионель Мессидің пасынан кейін есеп ашты. Үзіліске жақындағанда аргентиналық жұлдыз өзі де гол соғып, артықшылықты еселей түсті. Екінші таймның басында Иан Фрей үшінші голды енгізіп, жеңісті түбегейлі бекітті. Қонақтар тек 69-минутта Ваграстың голымен жауап берді.

МЛС. 31-тур

«Интер Майами» — «Сиэтл Саундерс» — 3:1 (2:0)

Голдар: Альба, 12 (1:0). Месси, 41 (2:0). Фрей, 52 (3:0). Ваграс, 69 (3:1).

Бұл жеңістен кейін Майами клубы 27 ойында 49 ұпай жинап, Шығыс конференциясының кестесінде бесінші орынға көтерілді. Келесі матчта «Интер Майами» 21 қыркүйекте «Ди Си Юнайтедке» қарсы ойнайды.

Роналду 40 жасында «Алтын бутсы» иесі атанды

Серхио Рамос футболдан тыс арманын айтты

«Реал Мадрид» жұлдызы Алматыға келмеуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или