Мадридтің «Реалы» Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты
16-17 қыркүйек түні мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасы тарихындағы 200-жеңісін тіркеп, турнирдің жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топтық кезеңнің алғашқы турында «корольдік клуб» өз алаңында Францияның «Марселін» 2:1 есебімен жеңді. Екі голды да Килиан Мбаппе пенальтиден соқты (28, 81-минуттар). Қонақтардан Тьерри Веа көзге түсті. 72-минутта Дани Карвахаль алаңнан тікелей қызыл қағаз алып қуылғанымен, бұл «Реалдың» жеңісіне кедергі бола алмады.
Осылайша, мадридтіктер ЛЧ-2025 маусымын жеңіспен бастап қана қоймай, Еуропаның ең табысты клубы ретіндегі мәртебесін тағы да нығайтты. Айта кетейік, «Реал» бұл турнирді 15 рет жеңіп алған – бұл да абсолюттік рекорд.
Роналду 40 жасында «Алтын бутсы» иесі атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или