Елена Рыбакина: «Командалық турнирдің психологиясы мүлде бөлек»

Елена Рыбакина: «Командалық турнирдің психологиясы мүлде бөлек»

Әлемнің 10-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алдағы Билли Джин Кинг кубогындағы Қазақстан құрамасы сапындағы ойыны туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әр турнирге дайындық бірдей өтеді. Америкада көп матч ойнадым, ол маған пайдасын тигізді. US Open-де аздап жарақат алдым, сондықтан кішігірім үзіліс жасап, қалпыма келуге көңіл бөлдім. Қазір бірнеше күннен бері осында жаттығып жүрмін, әлі тағы да екі күн бар, дайындық ойдағыдай.

Әрине, АҚШ құрамасы – әлемдегі ең мықты командалардың бірі. Пегуламен бірнеше рет кездестім, Наварромен де оңай болмаған матчтар өтті. Командалық турнир мүлде бөлек: қысым да, психология да өзгеше. Бірақ бізде мүмкіндік бар, ең жақсы нәтижені көрсетуге тырысамыз. Қалай боларын көреміз», – деді Рыбакина Қазақстан теннис федерациясына берген сұхбатында.

Қазақстандық теннисші маңызды матч қарсаңында пікір білдірді

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан құрамасы АҚШ теннисшілерімен кездеседі

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнидің финалына өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или