Жасанды интеллект «Алтын доптың» жеңімпазын анықтады

Жасанды интеллект «Алтын доптың» жеңімпазын анықтады

Француздық Avisia аналитикалық компаниясы жасанды интеллект көмегімен 2025 жылғы «Алтын допты» жеңетін басты фаворитті анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Le Parisien басылымында ұсынылған алгоритм есептеулеріне сәйкес, сыйлықтың ең ықтимал жеңімпазы Пари Сен-Жерменнің вингері Усман Дембеле болуы мүмкін. Оның жеңіске жету ықтималдығы 72% құрайды.

Екінші орында «Барселона» футболшысы Ламин Ямал 56% мүмкіндікпен. Үздік бес үміткерге сонымен қатар «ПСЖ» ойыншысы Витинья (40%), «Ливерпуль» ойыншысы Мохамед Салах (39%) және «Барселонаның» ойыншысы Рафинья (33%) кірді.

«Алтын допты» табыстау рәсімі 22 қыркүйекте Парижде (Франция) өтеді. Еске салайық, сыйлықтың қазіргі иегері «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Родри.


Роналду 40 жасында «Алтын бутсы» иесі атанды

Серхио Рамос футболдан тыс арманын айтты

«Реал Мадрид» жұлдызы Алматыға келмеуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или