«Euronews» Айбек Оралбайдың жетістігін атап өтті

«Euronews» Айбек Оралбайдың жетістігін атап өтті

Еуропаның басты жаңалықтар порталы «Euronews» бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының 2025 жылы Ливерпульде өтетін әлем чемпионатындағы жетістіктерін атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ливерпульде бокстан әлем чемпионаты аяқталды, ол жаңа Дүниежүзілік бокс федерациясының аясында ерлер мен әйелдер арасындағы бірінші рет бірге өткен жарыс ретінде тарихқа енді.

Ең үлкен серпіліс Қазақстан тарихында алғаш рет аса ауыр салмақта (90 келіден жоғары) әлем чемпионы атағын жеңіп алған Айбек Оралбай болды. Осы уақытқа дейін бұл салмақта бірде-бір қазақстандық боксшы шыңға шыққан жоқ.

26 жастағы Наталья Богданова да 70 келі салмақта әлем чемпионы атанып, тарихта қалды. Ол осы номинацияда бақ сынаған қазақстандық бірінші әйел болды», - деп жазды сайт.

Айта кетейік, ерлер арасында Санжар Ташкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі) және Төрехан Сабырхан (70 келі), Айбек Оралбай (+ 90 келі) чемпион атанса, әйелдер арасында алтынды Алуа Балкибе жеңіп алды.


Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатындағы жетістіктері үшін қанша сыйақы алады

Головкин Ливерпульде өткен әлем чемпионатын қорытындылады

Әлем чемпионатының толық медаль кестесі жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или