«Спортинг» пен «Қайрат» арасындағы матчқа төрешілер тағайындалды

Лиссабондағы «Спортинг» пен алматылық «Қайрат» арасындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойынға төрешілер тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесуді негізінен Польшадан келген арбитрлер қадағалайды. Бас төреші қызметін Дамиан Сильвестжак атқарады. Оған Павел Сокольницки мен Адам Карасевич көмек көрсетпек. Бейнетөреші (VAR) – Томаш Квятковски, ал оның көмекшісі — Нидерландтан келген Пол ван Букел. Төртінші төреші ретінде Марцин Коханек белгіленді.
Тарихи матч Лиссабонда 18-інен 19 қыркүйекке қараған түні өтеді. Ойын сағат 00:00-де басталады. Бұл кездесу «Қайрат» клубы үшін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойын болмақ.
«Қайрат» тартысты ойында «Ақтөбеден» басым түсті
«Қайрат» – «Реал» матчынының билеттері қашан сатылымға шығады?