ҚПЛ-2025: Талдықорғандағы матчта тең нәтиже тіркелді

Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында «Жетісу» және «Қайсар» командалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң иелері 11-минутта Алан Чочиевтің керемет айып соққысынан кейін алға шықты. Бірақ көп ұзамай, қонақтар сапында Айбар Жақсылықов гол соғып есепті теңестірді.
Екінші тайм басталысымен-ақ талдықорғандықтардың сапынан Нұрбол Ануарбектов өрескел ереже бұзғаны үшін, алаңнан қуылды. Қалған уақытта таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Осылайша ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
Қазір «Жетісудың» еншісінде 21 ұпай, ал «Қайсарда» 20 ұпай бар.
«Астананың» ойыншысы ҚПЛ-дағы 200-матчын өткізді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или