Елена Рыбакина америкалық теннисшілер туралы пікір білдірді

Елена Рыбакина америкалық теннисшілер туралы пікір білдірді

Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында АҚШ құрамасымен өтетін матч алдында өз ой-пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Әр турнирге әзірлік мен үшін бірдей деуге болады. Америкада мен көп матч өткіздім, бұл, әрине, жақсы. Нью-Йоркта аздаған жарақат алдым, сондықтан қалпыма келу үшін үзіліс алуға тура келді. Бірнеше күннен бері осындамыз. Алда әлі екі күн бар, сондықтан бәрі қалыпты, - деді Рыбакина. 

Қарсыластарға тоқталған теннисші АҚШ құрамасының деңгей өте жоғары екендігін айтты. 

- АҚШ-тың әлемдегі ең мықты командалардың бірі екендігі анық. Пегулаға талай рет қарсы келдім. Наварромен де оңай болған жоқ. Әрине, командалық жарыстың өз ерекшелігі бар, қысым да, психология да басқаша. Дегенмен бізде де мүмкіндік бар, үздік нәтиже көрсетуге тырысамыз, - деп жазды Е.Рыбакинаның сөзін ҚТФ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қазақстандық теннисші дайындықтың ойдағыдай өтіп жатырғанын мәлім етті.

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан құрамасы АҚШ теннисшілерімен кездеседі

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнидің финалына өтті

Дмитрий Попко Дэвис кубогының шешуші кездесуінде жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или