Әйелдер күресінен әлем чемпионатының екінші күнінде қазақстандық балуандардың барлығы жеңіліп қалды

Әйелдер күресінен әлем чемпионатының екінші күнінде қазақстандық балуандардың барлығы жеңіліп қалды

Хорватия астанасы Загребте әйелдер күресінен әлем чемпионатының 2-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін бозкілемге Ұлттық құрама сапынан 3 отандасымыз шығып, алғашқы белдесуде қарсыласына есе жіберді. 

Светлана Анкичева (-50 кг) Солтүстік Корея өкілі Мёнен Вонмен, Лаура Алмағанбетова (-57 кг) Яна Кристина Хемиаэмен (Финляндия), ал Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (-76 кг) Энрика Ринальдимен (Италия) күресті. 

Енді қарсыластары финалға шықса, спортшыларымыз ертең жұбаныш кезеңіне қатысады.

Ертең қалған 4 салмақта (-53, -62, -68, -72 кг) әйелдер арасында іріктеу кезеңі өтеді.

Қазақстандық балуан әлем чемпионатының қоласы үшін күреседі

Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или