Александр Марочкин ҚПЛ-дағы 200-матчын өткізді

«Астананың» 35 жастағы қорғаушысы Александр Марочкин «Елімайға» қарсы ойында (3:3) Қазақстан чемпионатындағы өзінің 200-кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматы футболының түлегі Александр Марочкин мансабын 2012 жылы «Іле-Сәулет» құрамында бастады. 2015 жылы 11 наурызда «Қайсарға» қарсы ойында (1:0) «Көкшетау Оқжетпес» сапында Премьер-Лигадағы дебютін өткізді. Ол 89-минутта команда капитаны Әлібек Бөлешевтің орнына ауыстырылды. «Оқжетпес» құрамында барлығы 38 кездесу өткізіп, 3 гол соқты. Одан кейін «Қайсар» (68 матч, 4 гол) және «Тобыл» (57 матч, 1 гол соққан) командаларында өнер көрсетті. «Астана» сапында бүгінге дейін 37 кездесу өткізіп, 1 гол соққан.
Ол Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 200 матч өткізіп, 9 гол соққан.
Алекса Аманович алдағы «Тобылға» қарсы матчқа қатыспайды
«Қайрат» – «Реал» матчынының билеттері қашан сатылымға шығады?