Әмір Маймұратов әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Әмір Маймұратов Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Іріктеу кезеңін қазақстандық спортшы тоғызыншы орынмен аяқтап, 1/8 финалға жолдама алды. Алайда ол кезеңде қытайлық Шоухун Чуға есе жіберіп, жарысты оныншы орынмен түйіндеді.
Чу финалда жапониялық Ре Омасаны ұтып жеңімпаз атанды. Ал үздік үштікті германиялық Леандер Карманс түйіндеді.
Қазақстандық спортшылар Дамир Тоқтаров, Жандос Қалибай, Бекнұр Алтынбеков пен Әлішер Мұрат іріктеу кезеңінен өте алмады.
Түркістан қаласында бірегей спорт нысаны қолданысқа берілді
Қазақстан семсерлесуден кадеттер арасындағы Азия кубогында алтын медаль алды
Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Италиядағы турнирді жеңіспен бастады