Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының жаңартылған тізімі жарияланды

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының жаңартылған тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ұлттық құрама баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы жаңа маусымда 11 қазақстандық спортшы әлемдік додаларда ел намысын қорғайды.
Ерлер құрамы:
Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Абзал Әжіғалиев, Мерсаид Жақсыбаев және Глеб Ивченко.
Әйелдер құрамы:
Малика Ермек, Олга Тихонова, Яна Хан, Алина Әжіғалиева, Құмархан Зейнеп.
Айта кетерлігі, ұлттық құрама алдағы уақытта 4 кезеңнен тұратын әлем кубогына қатысып, Олимпиада ойындарының жолдамасын сарапқа салады.
Еске сала кетсек, Астанада 11-15 қыркүйек аралығында шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтті.
Сонымен қатар, шорт-тректен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков ел чемпионатына баға берді.
Түркістан қаласында бірегей спорт нысаны қолданысқа берілді
Қазақстан семсерлесуден кадеттер арасындағы Азия кубогында алтын медаль алды
Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Италиядағы турнирді жеңіспен бастады