«Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке ота жасалады

«Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке ота жасалады

«Қайрат» клубының негізгі қақпашысы Темірлан Анарбековке бүгін ота жасалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 жастағы қақпашы «Ақтөбеге» қарсы өткен ойында ауыр жарақат алып, жақ сүйегін сындырып алғаны белгілі болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, Анарбеков кемінде 40 күн жасыл алаңға шыға алмауы мүмкін.

Бұл жағдай «Қайрат» үшін үлкен соққы болғалы тұр. Өйткені алматылықтар 19 қыркүйек Чемпиондар лигасында қонақта «Спортингпен» кездеседі және 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасы аясында өз алаңында «Реалмен» кездеседі. Одан бөлек ҚПЛ маусымның соңғы турлары чемпиондық үшін өте маңызды ойындар күтіп тұр.

«Қайрат» – «Реал» матчынының билеттері қашан сатылымға шығады?

«Қайраттың» қақпашысы жарақат алып, алмастырылды

«Қайрат» тартысты ойында «Ақтөбеден» басым түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или