Конор Макгрегор президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Ирландия президенті сайлауына қатысудан бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы 36 жастағы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, шешім отбасы және жақындарымен ұзақ талқылаудан кейін қабылданған:
«Ұзақ ойланудан және отбасыммен сөйлесуден кейін президенттік сайлаудан бас тартуды жөн көрдім. Бұл оңай қадам емес, бірақ қазіргі жағдайда дұрыс шешім», — деді Макгрегор.
Айта кетейік, 4 қыркүйекте ол ресми түрде кандидатурасын ұсынған еді. Сайлау 2025 жылдың 11 қарашасында өтеді. Ирландиялық спортшы бұған дейін ел билігінің миграциялық саясатын сынға алып, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен болатын. Сол кездесуде ол Ирландия үкіметін заңсыз миграцияны қолдады деп айыптады.
Макгрегордың соңғы жекпе-жегі UFC 264 турнирінде америкалық Дастин Порьеге қарсы өтті. Сол кездесуде ол аяғынан ауыр жарақат алып, бірінші раундта жеңілген еді.
МакГрегор Ақ үйдің көгалында өтетін турнирде жекпе-жекке дайын екенін айтты