Қазақстандық жас теннисшілер Астанадағы ірі турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық жас теннисшілер Астанадағы ірі турнирдің жеңімпазы атанды

Астана қаласында жасөспірімдер арасында ITF Juniors J300 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ел тарихындағы ірі жарыс болып есептелетін додада қазақстандықтар Сәтима Төреген мен Альбина Кәкенова жұптық сында үздік шықты.

Қазақстандық дуэт финалда турнирдің 2-ракеткалары, чехиялықтар Тереза Херманова — Глория Левинскиді қапы қалдырды — 6:2, 6:3.

Бұл — Альбина мен Сәтиманың спорттық жолындағы елеулі табыс. Қазіргі кезде Team Kazakhstan академиясында жаттығып жүрген қыздар халықаралық жарыстарға осында дайындалады.

— Бұл бізге ерекше көңіл-күй сыйлады. Біз деңгейі жоғары додада жеңіс тұғырынан көрінгіміз келді. Өз елімізде жанкүйерлердің қолдауымен осындай табысқа жеткенімізге қуаныштымыз, — деді Сәтима Төреген.

Альбина Кәкенова, әсіресе, финалда үздік өнер көрсеткендеріне бақытты екендіктерін жеткізіп, Team Kazakhstan академиясының бапкерлеріне алғысын айтты.

Құламбаева жұптық сында алғашқы WTA атағын жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнидің финалына өтті

Дмитрий Попко Дэвис кубогының шешуші кездесуінде жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или