Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының үздік сұрмергені ретінде «Алтын бутсы» иегері атанды

Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының үздік сұрмергені ретінде «Алтын бутсы» иегері атанды

«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 2024/25 жылғы үздік сұрмергені ретінде «Алтын бутсы» иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

40 жастағы португалдық бұл марапатты «Аль-Холудпен» (2:0) ойынының алдында алды.

Өткен маусымда Роналду «Әл-Наср» сапында чемпионатта 30 матч өткізіп, 25 гол соққан. Сұрмергендер сайысында Криштиану «Әл-Ахли» шабуылшысы Иван Тониді (23 гол), оның бұрынғы «Реал Мадрид» командасының әріптесі және қазіргі «Әл-Иттихад» ойыншысы Кәрім Бенземаны (21 гол) және «Аш-Шабаб» шабуылшысы Абдерразак Хамдаллахты (21 гол) жеңді. Биылғы маусымда Роналду төрт матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.


Серхио Рамос футболдан тыс арманын айтты

«Реал Мадрид» жұлдызы Алматыға келмеуі мүмкін

Чемпиондар лигасына жаңа ережелер енгізілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или