WTA рейтинг жаңартты. Қазақстандық теннисшілер жоғары көтерілмеді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сында спортшылардың ағымдағы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік үштік өзгеріссіз қалды: бірінші орында белорус Арина Соболенко, екінші орында польшалық Ига Швёнтек, үшінші орында америкалық теннисші Кори Гауфф.
Қазақстан өкілі Елена Рыбакина оныншы орында қалды. Юлия Путинцева бір орын төмен сырғып, 61-орынға тұрақтады.
Жұптық рейтингте бұрынғысынша Тэйлор Таунсенд (АҚШ), Катерина Синякова (Чехия) және Эрин Рутлиф (Жаңа Зеландия) үздік үштікте.
Қазақстанның «дубльдегі» бірінші ракеткасы Анна Данилина бір орын төмендеп, 13-орынға түсті. Путинцева да бір позицияға төмендеді - 107-ші орын.
Құламбаева жұптық сында алғашқы WTA атағын жеңіп алды
Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнидің финалына өтті
Дмитрий Попко Дэвис кубогының шешуші кездесуінде жеңіліп қалды