Стас Покатилов Әзірбайжан чемпионатында өнер көрсетті

«Сабах» футболдан Әзірбайжан чемпионатының төртінші турында сырт алаңда «Нефтчи» командасымен ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Бакуде (Әзірбайжан) өтіп, голсыз аяқталды - 0:0. Бұл кездесуде «Сабах» командасының қақпасын Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов қорғады – ол негізгі құрамда шығып, матч соңына дейін ойнады.
Бұл кездесуден кейін «Сабах» төрт ұпаймен турнир кестесінде сегізінші, үш ұпаймен «Нефтчи» оныншы орында тұр. Сабах келесі матчын 20 қыркүйекте «Тұран» командасымен өткізеді.
«Қайрат» тартысты ойында «Ақтөбеден» басым түсті
ҚПЛ-2025 жұлдызы жарақат алды: «Қайрат» ерте ауыстыру жасады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или