Қазақстандық спортшы спорттық гимнастикадан «Challenge Cup» кезеңінде алтын медаль иеленді

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Парижде (Франция) өткен «Challenge Cup» кезеңінде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ат снарядындағы жаттығудың финалында Курбанов 15,066 ұпай жинап, жеңіске жетті.
Екінші орынды армениялық Гамлет Манукян иеленді - 14,800. Үшінші орынға италиялық Габриэле Таргетта тұрақтады - 14,733.
Зейнолла Ыдырысов төртінші орынға табан тіреді – 14,633.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или