Наталья Богданова әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Наталья Богданова әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Қазақстандық бұрымды боксшы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

70 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова қарсылас шақ келтірмеді.

Отандасымыз ақтық сында Лекеиша Перголитимен Аустралия) өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Наталья Богданова еш қиындықсыз қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алтын медальға ие болған еді.

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында жеңіске жетті

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или