Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші жүлдені салды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан әлем біріншілігінде 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Қола үшін өткен белдесуде Нұрқожа Молдова балуаны Василий Дьяконнан басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында Асылжан Есенгелді (61 келіге дейін) үшінші орын алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или