«Қайрат» тартысты ойында «Ақтөбеден» басым түсті

«Қайрат» тартысты ойында «Ақтөбеден» басым түсті

Алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» Қазақстан Премьер-Лигасының 23-туры аясында кездесіп, алаң иелері жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, қырғызстандық төреші Нұрзатбек Абдыкадыров бастаған қазылар алқасы қызмет атқарды.

Алғашқы тайм толықтай чемпион пайдасына өрбіді. Жоржиньоның соққысы қақпа маңдайшасынан қайтты, бірақ есеп ашылмады. 13-минутта жарақат алған Темірлан Анарбековті Шерхан Қалмұрза алмастырды.

Екінші таймда да «Қайраттың» басымдығы жалғасты, нәтижесінде Дастан Сәтпаев айып алаңы сыртынан дәл соққымен есепті ашты. Қонақтар соңғы минуттарда қысым жасағанымен, нәтиже өзгермеді.

«Қайрат» — «Ақтөбе» 1:0 (0:0)

Гол: Сатпаев 52 (1:0).

Бұл жеңістен кейін «Қайрат» 49 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастады. Ал «Ақтөбе» 39 ұпаймен төртінші орында тұр.

Серхио Рамос футболдан тыс арманын айтты

«Реал Мадрид» жұлдызы Алматыға келмеуі мүмкін

Чемпиондар лигасына жаңа ережелер енгізілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или