Британдық боксшы Рикки Хаттон қайтыс болды

Британдық боксшы Рикки Хаттон қайтыс болды

IBF, IBO және WBA нұсқалары бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Рикки Хаттон 46 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz Talksport-қа сілтеме жасап.

Ол Манчестердегі өз үйінде қайтыс болған күйінде табылды. Жергілікті полиция оқиғаны растағанымен, қазаға күмәнді немесе күш қолдану себеп болмағанын мәлімдеді.

Хаттон 1997 жылдан 2012 жылға дейін кәсіби рингте өнер көрсетті. Ол бірінші жартылай орта салмақта IBF, WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанса, жартылай орта салмақта IBO және WBA белдіктерін иеленді.

Карьерасында британдық боксшы 48 жекпе-жек өткізіп, оның 45-інде жеңіске жетті. 32 қарсыласын нокаутпен ұтқан Хаттон үш мәрте ғана жеңілген.

Боксшы Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

ӘЧ: Қазақстан мен Өзбекстан сегіз боксшыдан финалға шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или