«Барселона» басшысының пікірлері ФИФА мен УЕФА-ға ұнамады

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) және Еуропалық футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) басшылары «Барселона» президенті Жоан Лапортаның мәлімдемелеріне қарсы көзқарас танытты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sport.es дерегінше, Лапортаның клубтық әлем чемпионатына қатысты айтқан сыны ФИФА басшыларын ренжіткен. Ол АҚШ-та өтетін турнирді ұйымдастырушыларды сынап, Ла Лига жеңімпазы «Барселонаның» жарысқа шақырылмағанын әділетсіз деп бағалады. Ал бірқатар деңгейі төмендеу клубтар қатысуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар УЕФА жетекшілері каталондық клуб президентінің Испания чемпионатының ойындарын шетелде өткізу туралы идеясын құптамады. Бұған қоса, Суперлига жобасының қайта көтерілу мүмкіндігі де Лапорта мен футбол одағының қарым-қатынасына кері әсер етіп отыр.
Серхио Рамос футболдан тыс арманын айтты