Құламбаева жұптық сында алғашқы WTA атағын жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 сериялы турнирінде жұптық сында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда Жібек словениялық Вероника Эрьявецпен бірге жапондық Аяно Шимицу/Момоко Кобориді бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Бұл – 25 жастағы Құламбаеваның WTA турнирлеріндегі жұптық сын бойынша алғашқы атағы. Бұған қоса, ол ITF турнирлерінде 35 мәрте жеңімпаз атанған болатын.
Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнидің финалына өтті
Дмитрий Попко Дэвис кубогының шешуші кездесуінде жеңіліп қалды
Григорий Ломакин ITF турнирінің жұптық сынында жартылай финалға шыға алмады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или